Пойыз билеті 20 пайызға қымбаттайды

2017
Adyrna.kz Telegram
Фото: qarmaqshy-tany
Фото: qarmaqshy-tany

Қазақстанда пойыз билеттері қымбаттайтыны белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда 1 қазаннан бастап пойыз билеттерінің бағасы 20 пайызға қымбаттайды.

"Елімізде 140 жолаушы тасымалы бағыты жұмыс істейді, тарифтердің көтерілуі оның 62-сіне әсер етеді. Бұл вагондар паркін жаңарту, көрсетілетін қызметті жақсарту және қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін қажет”, - делінген министрлік хабарламасында.

Пікірлер