Алматыға табыс табу үшін кеткен ер адам екі жыл бұрын жоғалып кеткен. Шу қаласының тұрғыны бірер күн бұрын аман табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл жаңалықты Lider.kz еріктілері Instagram парақшасында жариялады.
1999 жылы туған Шу қаласының тұрғыны Бабакин Николай Алматыға табыс табу үшін кеткен екен. Алайда ол 2022 жылдың 14 қыркүйегінен бастап байланысқа шығуын мүлдем тоқтатқан.
25 жастағы жігіт екі жылдан соң аман-есен табылды. Оның осы уақыт бойы немен айналысқаны туралы ақпарат таралмады.