Алматы облысында екі жігіт әжетханаға түсіп қайтыс болды

1289
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Алматы облысында телефон алмақшы болып әжетханаға бірінен-соң бірі түскен екі жігіт қайтыс болды. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Мәліметке сәйкес, қайтыс болған азаматтардың бірі 1995 жылы, екіншісі 2000 жылы туған.  Ауыл тұрғындарының айтуынша, ағасы әжетханаға телефонын түсіріп алып, оны алмақшы болғанда уланып қалған. Екінші жігіт ағасын құтқару үшін түскен.

«Республикалық жедел-құтқару» жасағы мекемесінің құтқарушылары мәйіттерді алып шығып, полицияға тапсырды. Құтқарушылар тұрғындарға сақ болу керектігін ескертеді. Ашық дәретханаларға немесе шұңқырларға бағалы зат құлатып алсаңыз, түспеңіз! Улы газдардан улану және тұншығу қаупі бар», - дейді ТЖМ өкілдері.

Пікірлер