ХАМАС көшбасшысының денесі Катарға жерленді

1186
Adyrna.kz Telegram
Фото: GETTY IMAGES
Фото: GETTY IMAGES

2 тамыз күні қастандықтан қаза тапқан ХАМАС ұйымының төрағасы Исмаил Ханияның денесі Катарға жерленді. Бұл туралы TRT телеарнасы Жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Тегеранда жасалған қастандық нәтижесінде шейіт болған ХАМАС саяси бюросының төрағасы Исмаил Ханияны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Катар астанасы Дохада ұйымдастырылды.

Ақпаратқа сәйкес, жерлеу рәсіміне Ислам елдерінен келген адам қарасы көп болған. Арасында  Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш, вице-президент Джевдет Йылмаз, Сыртқы істер министрі Хакан Фидан және Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын да қатысқан.

Пікірлер