Қазақстандық боксшы Олимпиадада трансгендермен жұдырықтасуы мүмкін

1201
Adyrna.kz Telegram

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына әйелдер боксынан 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі трансгендер спортшыға қатысуға рұқсат берді. Аталмыш категорияда қазақстандық спортшы Карина Ибрагимова бақ сынауда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Британдық theguardian.com журналистері қытайлық Тайбэйлік Лин Ю-тиннің гендерлік сәйкессіздік пен тестостерон деңгейінің артық болуына байланысты 2023 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатынан шеттетілгенін хабарлады.

Содан кейін Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) спортшының жарысқа қатысуына жол бермеу үшін мұндай себептерді орынды деп тапты. Алайда Париждегі Олимпиада ойындарын ХБА емес, ХОК ұйымдастырады. «Толық қараудан» кейін ХОК трансгендерлердің жарысқа қатысуын мақұлдаған.

Тайпей боксшысынан бөлек, алжирлік трансгендер Имен Хелифке де Олимпиадаға қатысуға рұқсат берілді. 1 тамыз күні Иман Хелиф итальяндық бұрымды боксшы Анжела Кариниға қарсы жұдырықтасты. Аталмыш текетірес 46 секундқа ғана созылды. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін итальяндық дулығасын еденге лақтырып: «Бұл әділетсіздік!» деп айқайға салды. 25 жастағы боксшы қол алысудан бас тартып, қарсыласының екі күшті соққысынан кейін көзіне жас алып рингке құлады.

Иман Хелиф жыныстық сәйкестігін анықтау үшін тестостерон сынақтарынан өтпегендіктен өткен жылғы әлем чемпионатынан шеттетілген еді.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Лин Ю-тинмен бір санатта өнер көрсетіп жатыр. Егер ол алтын медаль үшін күресе бастаса, ерте ме, кеш пе, онымен жекпе-жекке шығуына тура келеді.

Пікірлер