Қаржы жымқырған. Түркістан облысында дезинфекциялық орталықтың бас директоры сотталды

1417
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысының дезинфекциялық орталығының бас директоры сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Антикор-ға сілтеп. 

«Соттың үкімі бойынша Төрегелдиев 3 жылға бас бостандығынан айырылды, ал Озықбаев 7,5 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасына кесілді», - делінген хабарламада.

Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Түркістан облысы бойынша дезинфекциялау орталығы» РМК ПВХ филиалының бас директоры Төрегелдиев Қ. мен жеке серіктестік басшысы Озықбаева Д.-ға қатысты үкім шығарды.

Төрегелдиев алаяқтық, пара беруге итермелеу және немқұрайлылық жасағаны үшін, ал Озықбаев пара алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылған.

«Төрегелдиевтің РМК-да жүргізіліп жатқан тексеру мәселесін оң шешу үшін лауазымды тұлғаларға пара берді деген желеумен Озықбаевтың 500 мың теңге көлеміндегі қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені анықталды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Төрегелдиевтің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауының салдарынан орындалған жұмыстар туралы актілерге іс жүзінде орындамай қол қойып, мемлекетке 2,2 миллион теңге залал келтіргені хабарланды.

Сонымен бірге, аталған тұлғалар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылатыны атап өтілген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер