Селфи жасамақ болған. Түркістан облысында суға кеткен жасөспірім қыздың денесі табылды

1303
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысы Төлеби ауданында селфи жасаймын деп, суға батып кеткен 16 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеп. 

Оқиға 28 шілдеде болған. Қасқасу ауылынан 15 шақырым жердегі "Сайрам-Өгем" аумағына Сайрам-су тау өзеніне 16 жастағы қыз ағып кеткен туралы ақпарат құтқарушыларға түскен. Ол селфи жасамақ болған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 37 қызметкері, 1 жүзу құралы және 4 бірлік техникасы, Түркістан облысы полиция департаментінің 6 қызметкері және 3 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органдардан 11 қызметкер жұмылдырылған.

Марқұмның мәйіті үшінші күні 31 шілдеде табылды.

“Төле би ауданының аумағында іздеу жұмыстары таңғы сағат алтыдан басталды. Қыздың мәйіті 16:10-да табылды. Құтқарушылар алып шығып, полицияға тапсырды”, - дейді ТЖД.

 

Пікірлер