Париж Олимпиадасы: Спортшымыз нысана көздеуден алтыншы орын алды

1394
Adyrna.kz Telegram
Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Олимпиадада 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеу сайысында Қазақстан атынан өнер көрсеткен спортшы Александра Ле жарысты 6-орынмен аяқтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Спортшы сайыста 5 дүркін әлем чемпионы Дженат Хегг (Норвегия), 3 дүркін әлем чемпионы Рамита Жиндалдан (Үндістан) басып озды. Алайда оған финалдық жүлде бұйырмады.

Александра Ле жұптық сайыста қоланы еншілеген еді.

Ал ел тарихында мұндай көрсеткіш соңғы рет 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында тіркелген.  16 жыл бұрын үздік көрсеткішке қазіргі ұлттық құраманың бас бапкері Ольга Довгун қол жеткізген болатын.

Енді бұл сайыста 1-2-орындарды Түркия мен Сербия, қола жүлдені Үндістан мен Оңтүстік Корея мергендері өзара сарапқа салады.

Пікірлер