Париж Олимпиадасында шаршы алаңға шыққан былғары қолғап шебері Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жарысты жеңіспен бастады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
63,5 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын қазақстандық спортшы бірінші жекпе-жегінде испандық Ойер Ибареччемен қарсылас болып, үш раундта да басым түсті.
Келесі кезеңде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Азиаданың күміс жүлдегері атағына ие тайпейлік Чу Ен Лаемен жұдырықтасады.