Алматылық ер адам тұрғын үйдің лифтінде балаларға шабуыл жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы «Не молчи» қоры әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Видеода ер адамның 10 жасар балаларды тепкілеп, жұдырықпен ұрып жатқаны көрсетілген.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген ведомствоның жауабында.
Оның әрекетіне құқықтық баға берілетіні хабарланды. Оқиғаның басқа мән-жайлары анықталуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram