Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында автокөлік көпірінің бір бөлігі опырылып, 11 адам қаза тапты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Шанлуоның Жашуй уезінде орналасқан көпір 19 шілде, жұма күні кешкі сағат 20:40 шамасында кенеттен жауған жаңбыр мен су тасқыны салдарынан құлады, деп хабарлады жергілікті билік.
Сенбі күні таңертеңгі сағат 10:00-де құтқарушылар өзенге құлаған бес көлікті тапты. Қазір құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
Қытай орталық телеарнасы 30 адамның із-түзсіз жоғалғанын мәлімдеді.