Абай облысында ер адам төрт жасар баланы өлтіріп, мәйітін дәретханаға тастап жіберген

1697
Adyrna.kz Telegram

Абай облысында баланы өлтіріп, мәйітін дәретханаға тастаған азамат сотталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ер адам ішімдік ішіп, мас күйінде өзінің тоғыз жастағы қызын зорламақ болған. Артынша ол әйелі күтуші ретінде қарайтын бабаны айуандықпен өлтірген. Кішкентай баланың мәйітін сөмкеге салып, жол бойындағы дәретханаға тастай салыпты.

38 жастағы облыс тұрғын өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

«Қылмыскер баланы бірнеше рет ұрған. Соққыдан кейін бала мерт болды. Ешқандай көмек көрсетпестен баланың денесін сөмкеге салып, жол бойындағы дәретхананың шұңқырына лақтырып жіберген», - делінген хаттамада.

Қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілсе, оның әйелі 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Пікірлер