Облыстың экс-әкімі Шөкеев Түркістан қаласының "Құрметті азаматы" атанды

1453
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХІ сессиясы өтіп, 31 азаматқа "Түркістан қаласының құрметті азаматы" атағы берілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәслихат төрағасы, облыс әкімінің орынбасарлары, депутаттар және басқарма басшылары, аудан әкімдері қатысқан жиында оңтүстіктің дамуына үлес қосқан мемлекеттік қызмет, денсаулық сақтау, қоғамдық қызмет және ауыл шаруашылығы жүйесінде еңбек еткен 31 азамат құрметке лайық деп танылды.

Ол қатарда Түркістан облысы құрылғанда әкім болған, қоғам қайраткері Өмірзақ Шөкеев те бар.

Өмірзақ Шөкеев 1964 жылы Түркістан қаласында туған. Түркістан облысын екі рет басқарған, мемлекеттік қызметтің бірқатар саласына басшылық еткен.

Өмірзақ Естайұлы облысты басқарған шақта Арыста апат болып, Мақтааралды су басты. Оны жергілікті жұртшылық «кризистік кезеңнен» шыға алған әкім ретінде бағалайды.

Шөкеевке "Құрметті азамат" атағы 2018 жылы жеке облыс ретінде құрылған Түркістанның қалыптасуы мен дамуы жолында өзіндік қолтаңбасын қалдырғаны үшін берілгені хабарланды.

Абай Асыл
Адырна ұлттық порталы

Пікірлер