Францияда спорт министрі өзенге сүңгіп, су тазалығын тексерді

1293
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Францияның спорт министрі Сена өзеніне сүңгіп кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Париж Олимпиадасы қарсаңында 13 шілдеде шенеунік су тазалығын тексерді. Спорт министрі Амели Удеа-Кастера Сена өзеніне түсіп, олимпиада қатысушыларының өміріне қауіп төнбеуін тексерді.

Министр тексеріс нәтижесінде:

«Өзен суы талапқа сай», – дейді Амели Удеа-Кастера.

Шетелдік БАҚ дерегінше Сена өзені қатты ластанып, 1923 жылдан бері өзенге шомылуға тыйым салынған. Алайда қазір өзен суы тазаланған.

Пікірлер