“Инвестор үшін ақша, балалар үшін қатерлі ісік”. Өскеменде белсенділер митингке шықты

129
Adyrna.kz Telegram
Фото: orda.kz
Фото: orda.kz

Өскеменде бір топ риддерлік белсенділер экология тақырыбында акция өткізді. Бұл туралы Orda.kzсайты жариялады, деп  хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, халық Шығыс Қазақстан облысындағы қоршаған ортаның ластануы, оның ішінде өзендердің жүйелі ластануы, топырақтың улануы, сондай-ақ атмосфераға тұрақты шығарындылар мәселесіне жұртшылық пен билік өкілдерінің назарын аударуды ұйғарды.

Митингке қатысушылар ресми деректерге сенімсіздік танытып, биліктен ашық мәлімдемелерге жауап беруді талап етті.

Олар басқа адамдарды белсенді болуға шақырды.

«Өскеменнің экологиялық жағдайы өте нашар – ауру көп... митингілерге қатысуларыңызды сұраймын. Ойыңызды айтудан қорықпаңыз. Бұл Конституция бойынша біздің құқығымыз. Өз құқықтарыңызды қалай қорғау керектігін біліңіз. Экология – біздің өміріміз, ол – ұрпақ болашағымыз. Ал қаламыздың және шығысқазақстандықтардың денсаулығы осыған байланысты. Біздің экологиялық жағдайымызды геноцид деп тануға болады. Жай қарамаңыздар», - деп өтініш білдірді азаматтық белсенді Айдар Байсағатов. 

Пікірлер