Жалпыхалықтық референдум. Қазақстанның елтаңбасы өзгере ме?

1293
Adyrna.kz Telegram
Фото: kmmt.kz
Фото: kmmt.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның елтаңбасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Министрлік мемлекеттік рәміздерге өзгертулерді қабылдау алгоритмін түсіндірді.

"Қазақстандағы конституциялық заңдар мен қоғам өмірінің басқа да маңызды мәселелері, Конституция жобалары бойынша шешімдер жалпыхалықтық референдум – жалпыхалықтық дауыс беру арқылы қабылданады", - делінген ведомствода.

ҚР Конституциясының 54-бабына сәйкес, мемлекеттік рәміздерге енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Парламентінде қаралады және жалпыхалықтық референдум арқылы өткізіледі.

Бұл ретте Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысында мемлекеттік Елтаңбаны өзгерту туралы шешім жалпы келісім болған жағдайда қабылдануы мүмкін екенін атап өткен болатын.

«Министрлік осыған ұқсас бастамалар аясында шет елдердегі мемлекеттік рәміздерге өзгерістер енгізу мәселелеріне талдау жүргізді. Алайда еліміздің бірқатар өңірлерінде табиғи төтенше жағдайлардың орын алуына байланысты бұл іс-шаралар тоқтатылды», - делінген Мәдениет министрлігі хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның елтаңбасын өзгерту мәселесі күн тәртібінен алынғаны туралы айтылған болатын.

Пікірлер