Қостанайда жедел жәрдем фельдшерін екі әйел ұрып, соққыға жыққан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы alau.kz-ке сілтеп.
Әнел Баймұрзина шақырту кезінде соққыға жығылғанын хабарлаған. Медицина қызметкері қазір ауруханада ем алып жатыр.
Фельдшердің айтуынша, оқиға түнгі ауысымда болған. Ентігу мен жүрекке байланысты шағым айтқан тұрғыннан шақырту түскен.
Жедел жәрдем жүргізушісі қарсы пәтерге жүгіріп, көршілерден полиция шақыруды өтінгенін хабарлады.
"Осы уақыт аралығында мені шашымнан тартып, соққыға жықты. Кейін көршінің өзі көмекке келіп, мені сол әйелдің қолынан құтқарып қалды", - деді фельдшер Әнел Баймұрзина.
Фельдшердің айтуынша, оның миы шайқалып, самайында гематома пайда болған. Сондай-ақ түрлі жарақат алған. Қыз ауруханаға жатқызылып, артынша полицияға шағым түсірген.
"Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде үй иелері мен медициналық қызметкерлер арасында жанжал болғаны анықталды, сол жанжал барысында 41 және 51 жастағы әйелдер фельдшерге дене жарақатын салған", - деп хабарлады Қостанай облысы ПД.
Полиция тергеу бастады, сот-медициналық сараптама тағайындалды.