Қостанай облысында Ресей азаматы жоғалып кетті

1287
Adyrna.kz Telegram
Фото: instagram.com/poisk_region_10
Фото: instagram.com/poisk_region_10

Ресей азаматы бірнеше күн бұрын Қостанай облысында жоғалып кетті. Бұл туралы еріктілер Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, 53 жастағы Алексей Трушин 4 шілдеде келген, содан бері одан хабар-ошар жоқ. Соңғы рет оны Чернышевский көшесіндегі «Азия» дүкенінен көрген.

Ер адамның бойы – 160-165 см, шашы қысқа.

Жоғалған күні үстінде қасқыр суреті бар сұр түсті футболка, қара түсті трикотаж, қара шифер болған.

Пікірлер