Мемлекет басшысы халықты Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

1343
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Х парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бүгін, 7 шілде күні елімізде Ұлттық домбыра күні тойланып жатыр. Мерекеге орай Мемлекет басшысы Х парақшасында құттықтау жариялады.
"Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз. Домбыра төрден түспесін!", – деп жазды мемлекет басшысы.
Пікірлер