Қытайда жойқын торнадо салдарынан 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Аспан асты елінің Хэцзе қаласында жойқын торнадо соқты. Дауылды құйынның бейнесі әлеуметтік желілерде тарады.
Ресми деректерге сүйенсек, құйыннан 5 адам қаза тауып, 80-нен астамы зардап шекті.
Дауылдың бейнесі сенбі күні әлеуметтік желілерде тарады.
Синхуа агенттігі ақпарат таратты.
"Алдын ала статистикаға сәйкес, торнадо жалпы 2 820 ғимарат пен 48 электр желісіне зақым келтірді. Сонымен қатар 4060 гектарға жуық ауылшаруашылық алқаптары элементтердің таралуынан зардап шекті", - делінген портал ақпаратында.