Вайнерлер Мейірхан мен Мейіржан жазасын жеңілдету үшін тағы өтініш білдірді

246
Adyrna.kz Telegram
Фото: Facebook/Мейржан Туребаев, Instagram/make_sakevich
Фото: Facebook/Мейржан Туребаев, Instagram/make_sakevich

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов жазасын жеңілдетуді сұрап, сотқа талап-арыз түсірді. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Түрксіб аудандық сотына жаза шараларын ауыстыру бойынша іс-материалдары келіп түсті. Өтініш жақын арада қаралады», - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Айта кетсек, бұған дейін Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Төребаев пен Шерниязовқа қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарап, үкімді өзгеріссіз қалдырған еді.

Еске салайық, олар бірінші сатыдағы соттың үкімімен 10 сотталушы ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу, қаржылық (инвестициялық) пирамида құру және оны басқару бойынша кінәлі деп танылып,  6 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Сотталушылар Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын басқарғаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Пікірлер