Әнші Қайрат Нұртас қамауға алынды

3613
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас бұзақылық бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша айыпталушы болып, 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы..

«Танымал әнші Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақ бортында жанжал шығарып, салдарынан жолаушы Асылбек Бекқайыров зардап шекті. Ұшақ командирі полиция шақырып, төбелеске қатысқан екі азамат те полиция бөлімшесіне жеткізілді. Нұртасқа қасақана жеңіл зиян келтіру және бірнеше рет ұсақ бұзақылық жасағаны үшін хаттама толтырылды» делінген хабарламада.

Журналисттің айтуынша, әншіге қатысты қатал жаза қолданылуы мүмкін.

«Нұртасқа қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі - «Әуе кемесінің бортында жасалған бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баптың санкциясында айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған» делінген хабарламада.

Қайрат Нұртас түнде Шымкентте ұсталды. Көліктегі полиция департаменті әншіге қатысты «Алматы-Астана» рейсінің бортында ұсақ бұзақылық жасап, қасақана денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады. Материалдар қарау үшін сотқа жіберілді.

Айта кетейік, бұған дейін әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың да қамалғанын хабарладық.

Пікірлер