Құқық. Мемлекеттің ең басты қазынасы - адам

5546
Adyrna.kz Telegram
ата заң
ата заң

Зайырлы мемлекеттің бұтағы – халық, тамыры – әділеттілік. Діңгегі мықты қарағаш ғана ұзақ жылдар бойы жапырағын жайып тұрары «тайға таңба басқандай» белгілі.  Мемлекетте сондай, «әділдік»  атты тамыры терең орналасса және болаттай бекем  болса, сол ғұрлым ондағы халық та бақытты һәм байыпты өмір сүрері ақиқат.  Әсілінде, адам құқытары қорғалған елде бейбітшілік салтанат құрары сөзсіз.

1995 жылы қабылданған Ата Заңда адам құқықтары мен бостандықтары айқындалған. Конституцияның 1-бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы-адам, деп көрсетілген.  Бұл тұжырымның жаны бар. Өйткені, елді құраушы халық.

Адамзат баласы өмір есіген ашқан сәттен бастап өз құқығына ие. Адаманың құқығы ең алдымен өз мүддесін заң шеңберінде жүзеге асыру мүмкіндігімен  астасып жатыр.   Елдің игі мұраттары жолындағы істер әуелде әділдік пен парасаттан басталса керек. Ал, осы қос тармақтың тиімді іске асуы , әлбетте,  халық үшін игіліктің ізгі жолы болып қалады.

Адам құқықтары үшін арнайы Декларацияда қабылданған. 30 баптан тұратын адамзат үшін асыл құжатта заң аясында халыққа рұқсат етілген әрекеттер мен олардың құқықтары тізбектеліп жазылған.  Декларацияның кіріспесінде  «адам баласы зорлық-зомбылық пен қанауға қарсы көтеріліске мәжбүр болатын жағдайды тудырмау үшін, адам құқықтары заң билігімен қорғалуы керек» делінген.  Бұл тұрғысынан қарасақ, еліміз зорлық-зомбылыққа қарсы күрес немесе оның алдын алу бойынша тиісті шараларды қабылдағаны жағынан жарап тұр.  15 маусымнан бастап аталмыш қылмыстық әрекет үшін жаза күшейтіліп, заңға өзгеріс енгізілгені соның дәлелі.

Декларацияның 3 және 4  бабында «әр адам өмір сүруге, бостандықта болуға және оның жеке басына қол сұғылмауына құқылы екендігі және ешкім де құлдықта немесе кіріптарлықта ұсталуы тиіс емес. Құлдық пен құл саудасына, қандай түрде болса да, тыйым салынатыны» жазылған.  Мұндағы айтылған адам саудасы үшін жаза қатаң. ҚР Қылмыстық Кодексi 128-бабы бойынша адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасасу, сол сияқты,  іс-әрекеттерге бару – мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жатады.

Жоғарыда атаған адамға керектінің бірі жұмыспен қамту.  Бұл да Декларацияда айтылған. Онда «әр адамның еңбек етуге, жұмыс түрін еркін таңдауға, әділ және қолайлы еңбек жағдайына, жұмыссыздықтан қорғалуына құқығы бар», делінген.  Зайырлы мемлекетте халықтың еңбекпен қамтылуына да басымдық берілгені бар.  Бүгінгі күнде жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар адам құқығы жөніндегі Декларация аясында құрылғандай.

Ана мен бала құқығыда заңда қорғалған.  Бас құжаттағы 25 баптың 2 тармағында «ана және нәресте болу жағдайы айрықша қамқорлық пен көмек алуға құқық береді. Балалардың бәрі бірдей әлеуметтік қорғауды пайдаланады», деп көзделген.

Бұл тұста, Қазақстанда  ана мен баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекетіміздің әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі  екенін  айта кеткен абзал. Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық-демографиялық ахуалға алаңдаушылық тудырып, отбасындағы балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау мәселесі күн тәртібінде өзектілігін сақтап тұрғанын айтқан болатын.  Сол себепті аналардың құқықтарын қорғау назардан тыс қалған емес. Гендерлік саясат, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес, отбасын қолдау және дағдарыс орталықтарының жұмысын жандандыру тілімізге тиек болған ана мен бала құқықтарын қорғаудағы алғы шарттар десек артық айтқандық емес.

Құқық туралы сөз қаузағанда әуелде адамның сауаты жайлы айтылуы заңдылық. Елімізде кез келген адамның  білім алуына жағдай жасалған. Тіпті заңда орта білім алу барлығына міндеттелген. Себебі, «білімдінің күні жарық, білімсіздің күні ғаріп», деп бекер айтылмаған.  Ақылдың астында, байлықтың қасында мекен етседе адам үшін ең басты қаруы   білімі болуы шарт.  Сол себепті елмізде мектеп жасындағы оқушыларға сапалы білім берумен қатар, шетелдік алпауыт жоғары оқу орындарының филиалдарын ашып, білім беру ісіне жаңашылдық енгізуге күш салынуда. Бұл тек республикадағы жоғары білім мен ғылымды дамытып қана қоймай, елдің жан-жақты сауатын арттыруға ықпал етері сөзсіз.

Сондай-ақ,   кез келген  тұлғаның  еркін және толық кемелденуіне мүмкіндігі заңмен қорғалған.  Кемеліне жеткен адам ғана келешегін көркем етеді. Бұл өзінің ғұмырнамасына ғана емес, елінің болашағынада әсер етеді. Адам мен мемлекет қолдың саласындай, жүрекке барар күре тамыр секілді.  Бір-бірінсіз жарқын күн жоқ. Қос тараптың арасындағы көпір үзілсе «Қорқыттың күні» туары хақ. Сондықтан, мемлекет мекен еткен елі үшін, адамы арын қорғаған жері  үшін жанын беруге даяр болуы керек. Өйткені, мемлекет - мәуелі бағың халық- сая тапқан жаның!

Пікірлер