"Газ елу!" ұраны ұмыт болғанда автогаз қымбаттады

2265
Adyrna.kz Telegram
Фото: avto-gaz.kz
Фото: avto-gaz.kz

Қазақстанда автогаз қымбаттады. Бұл туралы Энергетика министрлігі газдың құнын өзгертуге мәжбүр болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, биыл 1 шілдеден бастап энергетика министрлігінің бұйрығымен жанармай құю бекеттерінде автогаздың шекті бағасы мынадай болды:

  • Алматыда — литрі 89 теңге (бұрынғы баға — 81 теңге);
  • Астанада — 84 теңге (76 теңге болған);
  • Шымкентте — 70 теңге (64 теңге болған);
  • Ақтөбе облысында — 59 теңге (54 теңге болған);
  • Атырау облысында — 59 теңге (54 теңге болған);
  • Ақмола облысында — 84 теңге (76 теңге болған);
  • Алматы облысында — 89 теңге (81 теңге болған);
  • Шығыс Қазақстан облысында — 84 теңге (76 теңге болған);
  • Жамбыл облысында — 78 теңге (71 теңге болған);
  • Батыс Қазақстан облысында — 70 теңге (64 теңге болған);
  • Қостанай облысында — 84 теңге (76 теңге болған);
  • Қызылорда облысында — 70 теңге (64 теңге болған);
  • Қарағанды облысында — 84 теңге (76 теңге болған);
  • Маңғыстау облысында — 59 теңге (54 теңге болған);
  • Павлодар облысында — 81 теңге (74 теңге болған);
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 89 теңге (81 теңге болған);
  • Түркістан облысында — 70 теңге (64 теңге болған);
  • Абай облысында — 84 теңге (76 теңге болған);
  • Жетісу облысында — 84 теңге (76 теңге болған);
  • Ұлытау облысында — 84 теңге (76 теңге болған).

Министрлік өкілдері сұйытылған мұнай газының көтерме саудадағы шекті бағасы 1 шілдеден бастап өсуіне байланысты жанармай бекеттерінде отын қымбаттады деп түсіндірді.

Еске салайық, 2022 жылы Қаңтар оқиғасы Жаңаөзенде жүздеген адам сұйытылған газ бағасының 60 теңгеден 120 теңгеге қымбаттауына қарсы наразылыққа шыққанынан басталған болатын. Сол кезде наразылыққа шыққандар автогаз бағасы қанша болуы керектігін айтып, "газ елу!" деп ұрандаған. Бұл талап сол кезде орындалғанымен, кейін баға қайтадан өсумен келеді.

Пікірлер