«Тілге деген құрмет болуы керек». Димаш Құдайберген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

1019
Adyrna.kz Telegram

Белгілі әнші Димаш Құдайберген «New Vision: Бизнес күші» жаһандық бизнес-форумында құндылықтар тақырыбын көтерді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

28 маусымда Қазақстан мәдени өрлеуіне арналған панельдік сессия аясында форумның қорытынды бөліміне қатысқан өнер иесі әлемге бейбітшілік керек екенін мәлімдеді.

«Мен өз халқымды, Отанымды сүйе тұра, адамзатты ұлтқа, дінге, тілге, нәсілге бөлмейтінімді атап айтқым келеді. Қазақ халқы – дана халық. Әрбір адам айналасындағы адамдарға жылы шырай қарым-қатынас жасап,  мейірімді болса ол сол адамның даналығы деп білемін. Әлемге тек бейбітшілік қана керек. Әлемнің көптеген елінде болдым. Менің концерттеріме келетін көрермендер, қолдаушыларым — саясат пен саяси үгіт-насихатқа еш қатысы жоқ адамдар. Сондықтан мен қазақ, олар француз, америкалық, қытайлық, серб, орыс болсын – бәріміз бауырмыз»,—деді Димаш Құдайберген.

Сондай-ақ ол тілге деген құрметтің маңызды екенін атап өтті.

«Ата-бабамыздың өскелең ұрпаққа мирас етіп қалдырған мұрасына немқұрайды қарамай, өзіміз бірлікте болайық.  Тілімізді құрметтеп, халқымыздың қадір-қасиетіне жетіп, әлемді құшақ жая қарсы алатындай әдемі деңгейде өмір сүрейік!»— деп толықтырды әнші.

<

Пікірлер