Орталық саябақта өзіне қол салған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

1398
Adyrna.kz Telegram

Алматыда өзіне қол салған әйелге қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

24 маусым күні Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы әйелдің өліміне қатысты Алматы облысының прокуратурасы қылмыстық іс қозғады.

«Қыздың өліміне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта деректі тергеудің толықтығы, жан-жақтылығы және объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды», - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.

Пікірлер