Құпия ақпаратты жариялайтын сайттың негізін қалаушы Лондон түрмесінен босатылды

1113
Adyrna.kz Telegram
Фото: pikabu.ru
Фото: pikabu.ru

WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанж Лондон түрмесінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

WikiLeaks сайты - анонимді көздерден алынған құпия ақпаратты жариялайтын халықаралық коммерциялық емес ұйым.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, Джулиан Ассанж әскери құпияларды жариялаған. WikiLeaks дерегінше, АҚШ Әділет министрлігімен ұзаққа созылған келіссөздерден кейін Ассанж бостандыққа шыққан. Одан бөлек, ол Австралияға аттанбақ.

Еске сала кетейік, АҚШ Әділет министрлігі WikiLeaks сайтының негізін қалаушы австралиялық Джулиан Ассанжға қарсы 18 қылмыстық іс қозғаған болатын.

Пікірлер