Ресейде қылмыскерлер түрме қызметкерлерін кепілге алған

1257
Adyrna.kz Telegram
dzen.ru
dzen.ru

Ресейде изоляторда отырғандар түрменің екі қызметкерін кепілге алған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы CNN-ге сілтеп.

Ресейдің Ростов-на-Дону қаласында Жазаны орындау федералдық қызметі мемлекеттік мекемесі кепілге алынғандар босатылғанын мәлімдеді.

«Ресейдің Жазаны орындау федералдық қызметі мемлекеттік мекемесінің изоляторынан кепілдіктегі адамдарды босату үшін ұйымдастырылған арнайы операция барысында қылмыскерлердің көзі жойылды. Кепілдіктегі қызметкерлер аман-есен босатылды. Зардап шеккендер жоқ»,-делінген хабарламада.

Baza Telegram арнасында бес басқыншының аты-жөні жарияланған. Ал алтыншы басқыншының жеке басы әлі анықталған жоқ.

Пікірлер