Астаналық оқушылар оқу жылын кеш бастауы мүмкін

701
Adyrna.kz Telegram
Фото: uralskweek.kz
Фото: uralskweek.kz
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін болады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі sadaqmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Вице-министр Серік Жарасбаев Оқу-ағарту министрлігі және Ғылым және жоғары білім министрлігімен келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Бұл арада екі нұсқа бар: біз не Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарындағы мектептерді онлайн оқыту форматына ауыстырамыз немесе оқу кезеңінің басталу уақытын Астана бойынша шегеріміз. Біз мәселені қазір қызу талқылап жатырмыз, келесі аптада нақты шешім қабылдауымыз керек», – деді Серік Жарасбаев.

Пікірлер