Елордада бала күтушісі екі жасар баланы тұншықтырып өлтірген

1702
Adyrna.kz Telegram
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Астанада бала күтушісі екі жасар баланы өлтірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға 20 маусымда болған. Әлеуметтік желідегі бейресми дерекке сүйенсек, Астанада бала күтушісі кішкентай баланы буындырып өлтірген. Оның денесін анасы тауып алған.

Бұл деректі Астана қалалық полиция департаменті растады.

24 жастағы әйел баласымен елордадағы Мәскеу көшесіндегі жалдамалы пәтерде тұрған. Баланың денесінен тұншықтыру іздері байқалған. Күдікті ретінде 38 жастағы бала күтушісі ұсталды.

Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру арқылы өлтіріп алу» бойынша іс қозғалды.

Әйелдің әрекеті дәлелденсе күтуші 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пікірлер