Назарбаевтың резиденциясы сатылымға шығарылды

861
Adyrna.kz Telegram
Сурет: e-auction.gosreestr.kz
Сурет: e-auction.gosreestr.kz

Бір кездері тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың резиденциясы болған, кейіннен Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі Даниал Ахметов тұрған екі қабатты үй сатылымға шығарылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Hola News-ке сілтеме жасап.

«Жалпы ауданы 3179,9 шаршы метрді құрайтын екі қабатты профилактория ғимаратының бастапқы бағасы — 1 115 893 000 теңге»,– делінген электрондық аукцион сайтында.

Мүлік әлеуетті инвесторға сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беріледі. Ол жөндеу жұмыстарын жүргізіп, инженерлік желілерді тексеріп, конференц-зал, коворкингтер, қонақүй бөлмелері, сауда павильондары, бассейндер мен мейрамханалар салуы керек. Жөндеу және іске қосу жұмыстары үшін үш жыл ішінде кемінде 800 миллион теңге қажет болады деп болжанып отыр.

Пікірлер