Шығыстa "Сергек" камерасын іске қосқан компанияға заңсыз қаржы бөлінген

1040
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстанда басқарма "Сергек" камерасын қосқан компанияға миллиондаған ақша төлеген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Облыстық басқарма «Сергек» жобасын іске асырған компанияға 238 млн теңгені заңсыз төлеген.

ШҚО Прокуратурасы «Сергек» жобасын іске асыру кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде мемлекеттік бюджеттен «Көркем-Телеком» ЖШС-мен 7 млрд теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалғанын анықтаған.

«Тексеру барысында мемлекеттік қаражатты заңсыз төлеу фактілері анықталды. Жобаның құны 238 млн теңгеге еш негізсіз өскен. Прокуратура енгізген қадағалау актісінен кейін Шығыс Қазақстан облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы негізсіз төленген шығындарды өндіру туралы талап-арыз берді», - деп хабарлады облыс Прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Сот шешіміне сәйкес, камераны іске қосқан «Көркем-Телеком» ЖШС мемлекеттік бюджетке 238 млн теңгені қайтарды.

Пікірлер