Өскеменде екі жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

1170
Adyrna.kz Telegram

Өскеменде екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы облыстық ТЖД мәлімдеді. Қайғылы оқиға Өскеменде орталық көшелердің бірінде болған.

Тұрғын үйдің бесінші қабатынан екі жасар бала құлап түскен. Бала терезеден құлаған кезде оның анасы үйде болған. Алайда баланың терезеге қалай көтерілгенін, масадан қорғайтын торға сүйенемін деп құлап кеткенін байқамай қалған.

Қазір бүлдіршін ауруханаға жатқызылды.

Пікірлер