Шымкентте 4 жастағы бала биіктен құлап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Балабақша жасындағы балақай көпқабатты үйдің 3-қабатындағы терезесінен құлаған. Бүлдіршін дереу ауруханаға жатқызылды.
Оқиға 6 шілде күні Шымкент қаласындағы Қ.Төлеметов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Бүгінде баланың жағдайы орташа.
Қалалық ТЖД ата-аналар мен ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауды және сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды.