Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, екіге бөлініп кеткен

1258
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік Utair әуе компаниясының Ан-26 жолаушылар ұшағы Ямало-Ненецк ауданында ұшу-қону жолағына жақын жерде құлады. Сәтсіз қонудың салдарынан кеменің корпусы екіге бөлініп кеткен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ресейлік Интерфакс агенттігіне сілтеп.

Ресейлік БАҚ әуелі Сабетта әуежайынан ұшып, Утренный әуежайына бет алған ұшақтың әуе қозғалысын басқару кезінде радардан жоғалып кеткенін хабарлады.

Бортта 5 адамнан тұратын экипаж және 36 жолаушы болған.

Екі экипаж мүшесі мен бір жолаушы зардап шеккен. Утаир апатты қонуға ауа райының күрт нашарлауы себеп болғанын айтты.

«Барлық 36 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі әуежай терминалының ғимаратына эвакуацияланды. Жолаушы мен екі экипаж мүшесі жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді», - деп хабарлады әуе компаниясы.

Ұшақ құлаған жерден 2 шақырым жерде орналасқан Утренный әуежайы арктикалық климаттық белдеуде орналасқан.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен телеграм-каналдарда жарияланған суреттерде кеменің қар құрсауында қалып, жартысы сынғанын көруге болады.

Ан-26 моделін Киевте Антонов конструкторлық бюросы әзірледі және алғаш рет 1973 жылы пайдалануға берілді.

Пікірлер