Бүгін, 14 маусым Парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында депутаттар сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды “Адярна” ұлттық порталы.
Заң жобасын Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров таныстырды. Оның айтуынша, жоба сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын қамтамасыз ету және судьялардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында әзірленген.
Заң жобасына түзетулер үш блокқа бөлінеді:
- түзетулердің бірінші блогы Сот жюриі жұмысын жақсартуға бағытталған;
- түзетулердің екінші блогы Сот төрелігін жүзеге асыру сапасы жөніндегі комиссия қызметін ұйымдастыру тәртібін және қызметін өзгертуге бағытталған;
- түзетулердің үшінші блогы судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде олардың құқғы мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға қатысты.
Бекназаровтың айтуынша, сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзудың әрбір дерегі бойынша Сот жюриі судьяға қатысты тәртіптік іс материалдарын тексерудің жаңа тетігін енгізеді, бұл судьялар тарапынан заңбұзушылықтарға неғұрлым тиімді ден қоюға мүмкіндік береді.
"Жалпы отырыстың кез келген шешіміне қарамастан, өрескел заңбұзушылық деректері бойынша барлық материал тексеру үшін Сот жюриіне жіберіледі. Қазіргі уақытта тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы шешімдерді Жоғарғы Соттың және облыстық соттардың жалпы отырыстары қабылдайды, нәтижесінде іс жүзінде Сот жюриіне мұндай звңбұзушылықтардың аз ғана бөлігі қарауға түседі", - деп атап өтті сенатор.
Сонымен қатар, тәртіптік істерді қарау жүктемесінің болжамды ұлғаюына байланысты Сот жюриінің құрамы 9-дан 15 мүшеге дейін ұлғаяда, оның құрамына 13 судья, сондай-ақ кеңесші дауыс құқығы бар заң қоғамдастығының екі өкілі кіреді.
"Тәжірибеде судьяның қызметін бағалаудың қайталануы болды. Конституциялық заң жобасына сәйкес судьяның кәсіби қызметін бағалауды қолданыстағы нормаларда көзделгендей жылдық қызметтің нәтижелері бойынша емес, алғашқы үш жылдың нәтижелері бойынша жүргізу ұсынылады", - деді Бекназаров.
Конституциялық заң жобасында отставкадағы судьялардың өмір бойы жалақысының мөлшеріне қатысты түзетулер қарастырылған.
Сонымен қатар, заң жобасы судьяның Сот жюриіне жіберілгенге дейін барлық материалмен танысу мүмкіндігіне, сондай-ақ судьяның тәртіптік істі не оның өкілін қарауға жеке қатысуы арқылы оның құқықтарын толық қорғауға кепілдік беретін нормалармен толықтырылады.
"Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.