Алматы облысында тас жолда жеңіл көлік аударылып, төрт адам қаза тапты

1322
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысындағы тас жолда жеңіл көлік аударылып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«12 маусымда «Алматы-Шелек-Қорғас» тас жолының 105-ші шақырымында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды», - делінген хабарламада.

Toyota Hiace жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылып кеткен.

«Нәтижесінде төрт жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Түрлі жарақат алған жүргізуші мен екі жолаушы Шелек ауылындағы ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады полициядағылар.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Пікірлер