"Екінші Салтанат боласың". Ақтөбелік медбике өз қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын мәлімдеді

1666
Adyrna.kz Telegram
Фото: Диапазон
Фото: Диапазон
Ақтөбеде ер адам медбикенің қыр-cоңынан қалмай, есік алдына дейін іздеп келген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Диапазонға сілтеме жасап.

Ақтөбе тұрғыны бір ай бойы медбикенің ізінен қалмай аңдып, жұмысына келген. Оқиға Ақтөбенің «Болашақ» ауданындағы Отбасылық медицина орталығында болған.

22 мамыр күні жігіт емхана келіп, медбике бөлмесінің есігін сындырған. Артынша ол Бишімбаевтың Салтанатқа жасағанындай ауыр қылмыс істейтінін айтқан.

«Біз кабинетте үшеуміз жұмыс істейміз. Сағат 10 шамасында қолында сирень гүлі бар бір жігіт кіріп келді. Біз оны науқас деп ойладық, сөйтсек мені бір ай бойы аңдып жүрген жігіт екен. Осы уақытқа дейін ол маған хабарласып, қорқытқан болатын. Соңғы рет біз қыздармен оны футбол алаңында көрген едік. Ол сәуір айы болатын. Содан бастап ол жігіт менің соңымнан қалмады. Бір күні есігімнің алдына келіп тұрғанын және мені күтетінін айтты. Инстаграм парақшама дейін жазатын. Мен оған жігітімнің барын айтып, полицияға арыз жаздым. Енді сол жігіт менің жұмысыма келіп, айғай шығарды. Кездесіп жүрген жігітім түрмеде отырғанын және ол да маған Бишімбаев секілді жасайтынын, мен де екінші Салтанат болатынымды айтты», - дейді өз өмірі үшін алаңдаған 22 жастағы Амангүл.

Пікірлер