"Сессияны жабу үшін". Колледж директоры студенттерден пара алды деген күдікке ілінді

2576
Adyrna.kz Telegram
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Ақтөбеде колледж басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Stan.kz-ке сілтеп.

ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледж директоры студенттерден пара алды деген күдікпен ұсталды. Бейресми мәліметтерде колледж директорының студенттердің сессиясын жабу үшін ақша алғаны айтылады.

Ал Ақтөбе облыстық білім басқармасы колледж директорының ұсталғаны туралы ақпаратты растап отыр.

“Иә, хабарымыз бар. Біліп отырмыз. Бұл жеке білім беру ұйымы. Бұрын М.Тынышбаев атындағы колледж, институт филиалы болды. Қазір ол жерде гуманитарлық-техникалық колледж жұмыс істейді. 720 студенті бар. Оның ішінде 245 студент мемлекеттік тапсырыспен білім алады. Жағдайға қатысты жеке колледж басшысына қатысты тәртіптік не босату секілді шара қолдану біздің қолымызда емес. Ол оқу орнының құрылтайшысы бар, сол жұмыс беруші тараптан шешім қабылданады”, – деді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің ресми парақшасына сүйенсек, 19 маусым күні директор жанындағы кезекті отырыс өткен. Оқу орнының директоры 20 маусымда ұсталған болуы мүмкін деген ақпарат бар.

Пікірлер