Ұзақ уақыттан кейін. Ақын Жүрсін Ерман көпшілік алдына шықты

1816
Adyrna.kz Telegram
Фото: Facebook/ Аманжол Әлтай
Фото: Facebook/ Аманжол Әлтай

Ақын Жүрсін Ерман ұзақ уақыттан кейін көпшілік алдына өз аяғымен жүріп шықты. Ол кеше, 9 мамырда Қостанай облысында өткен Республикалық ақындар айтысына барған. Ақынның фотосын Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай желіге жүктеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ұзақ жылдар бойы айтыстың басы-қасында жүрген Жүрсін Ерман қазақтың халық ақыны Қонысбай Әбілге арналған республикалық ақындар айтысында қазылар алқасында төрелік етті.

«Жүрсін Ерман ұстазымыз бастаған қазылар алқасына, айтыс ақындарына, ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға алғыс білдіремін», - деп жазды ол.

Еске салайық, Жүрсін Ерман былтыр ауырып, жансақтау бөліміне түскен. Кейін Еуропаға емделуге кеткен. 2024 жылы ақынның денсаулығы жақсарып, аяққа тұрғаны хабарланған еді.

Пікірлер