Жетісуда аудан әкімі 120 гектар жерді заңсыз беріп жіберген

1103
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Жетісу облысы Ескелді ауданының әкімі жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы 6 маусымда облыстық прокуратураның баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Прокурорлар 120 гектар жердің жекелеген шаруа қожалықтарына конкурссыз берілгенін анықтады.

«Қадағалау актісі бойынша бұл жерлер мемлекетке қайтарылды. Жалпы, жыл басынан бері Жетісу прокурорлары жалпы кадастрлық құны жарты миллиард теңгеден асатын 103 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарды. Бұл жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмей, мақсаты бойынша пайдаланылмай, сондай-ақ жер заңнамасын бұза отырып берілген», - делінген хабарламада.

Пікірлер