Ақтөбеде кәмелетке толмаған аутист-бала жоғалып кетті

885
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде аутизммен ауыратын бала жоғалып кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«2024 жылғы 4 маусымда сағат 16.40-та Ақтөбе қаласында кәмелетке толмаған Жетру Кәрім есімді баланың жоғалып кетуіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, оның аясында жүрген жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», - деді Ақтөбе қалалық ІІБ бастығы Әсет Қалиев.

Баланы іздеуге 500-ге жуық адам жұмылдырылған, оның ішінде полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ қызметтік иттер мен 40 техника, үш квадроцикл, екі қайық, төрт жылқы, ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылуда.

«Полицияға жүгінген сәттен бастап бір уақытта үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріздік люктер, қоқыс шұңқырлары, дала, оның ішінде орман алқаптары тексерілуде», - делінген хабарламада.

Хабарланғандай, мұнымен қатар қоғамдық тамақтандыру орындары, дүкендер мен сауда орталықтары да тексеруден өтіп, бағдар көрсетіп жатыр.

Пікірлер