«Депутат та адам ғой». Қожаназаров әріптесінің әрекетіне баға берді

1156
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде Мәжіліс депутаты Руслан Берденовтың биік ғимаратқа шығып жариялаған видеосы қызу талқыланған болатын. Осыған байланысты Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

“Біріншіден, бұл Respublica партиясының бастаған акциясы емес. Бұл нақты депутат Берденовтың өзінің жеке уақытында, яғни естуім бойынша әлеуметтік мақсатта түрірген видеобейнесі. Үлкен әлеуметтік жоба қатысты осындай видео жасаған. Шыны керек бұл менімен және басқа да партия мүшелерімен келісілген жоқ. Бірақ менің ойымша депутат та адам ғой, өзінің бос уақытында қандай бейне түсіріп, заңды бұзбаса болды емес пе? Сонымен қатар, депутаттың әрекеті заң қабылдау жұмыстарына әсер етпесе, еркін елде өмір сүргеннен кейін әр адамның өз құқығы бар. Өз басым әріптесімнің әрекетін құптаймын немесе құптамаймын деп баға бере алмаймын. Оны депутат Берденов мырзадан сұрауыңыз қажет”, – деді ол.

Әріптестердің бірі «Бұл бейнежазба «Respublica» партиясының беделіне әсер етпей ме?» деп сұрақ қойды.

“Respublica партиясы тек депутат Берденов немесе Айдарбек Қожаназаров емес. Бізге дауыс бергендер қаншама адам бар және бізде 8 тең төраға бар. Сондықтан партияға бір адамның істеген жақсылығы да, жамандығы да қатты әсер етпейді деп ойлаймын. Себебі, біздің өзіміздің сайлауалды бағдарламамыз бен көтеріп жатқан сұрақтарымыз бар. Менің ойымша, біздің беделімізге тек жасап жатқан нақты жұмысымыз әсер етеді. Егер отырыстарда дұрыс жұмыс істемей, бірақ әдемі болып сыртта жүрсек осы кері әсер етеді. Менің ойымша, біз депутаттың әрекетіне қатты көңіл бөліп жатқан сияқтымыз. Бұл жай ғана әлеуметтік бейнежазба. Мысалы шенеуніктердің ауызынан халыққа «көп ақша табыңдар» деген сөздер шығып кетіп жатады. Айталық осы сөз Үкіметтің беделіне әсер ететін шығар. Бірақ тек видеожазбаның біздің парияның абыройына дақ келтіреді деп ойламаймын”, – деді депутат.

Бұған дейін әлеуіметтік желіде Руслан Берденовтың елордадағы ең зәулім ғимарат – Әбу-Даби Плазаның төбесінде суперқаһарман шекпенімен шыққаны жарияланған болатын. Депутаттың өзі мұны әлеуметтік бейнероликтің бір бөлігі деп түсіндірді.

Пікірлер