Алматыда терроризмді насихаттады деген күдікпен екі шетелдік азамат ұсталды

1164
Adyrna.kz Telegram

Алматыда терроризмді насихаттады деген күдікпен екі шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметіне сілтеп.

«28 мамырда ҰҚК прокуратураның келісуімен және полицияның көмегімен Алматыда терроризмді насихаттады деген күдікпен екі шетелдік азамат ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, олар бұрын шетелде ұзақ уақыт тұрып, сол жақта радикалды діни идеологиямен айналысқан. Олар Қазақстанға биыл келген және тұрақты жұмысы болмаған», - делінген сәрсенбі күні таратқан хабарламада.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабының 2-бөлігі (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария шақыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікірлер