Әуежайдағы апат. Ұшақ техник маманды басып кетті

1412
Adyrna.kz Telegram
Фото: antipotok.ru
Фото: antipotok.ru

Екатеринбургтегі Кольцово әуежайында “Орал авиакомпаниясының" ұшағы бір адамды басып кетті, деп "Адырна" ұлттық порталы Ural Mash Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қайғылы жағдай 19 мамырда болған. Техник ұшақты тексеріп жатқан кезінде оны Екатеринбург-Бішкек рейсінің ұшқышы басып кеткен.

"Техник шассиді тексеріп, бәрі дұрыс деп құжаттарға қол қойған. Алайда ұшпас бұрын тағы бірнеше тексеру жүргізуі керек болған. Алайда “Екатеринбург–Бішкек” рейсінің ұшқышы сигналды күтпестен жүріп кеткен", - деп хабарлайды телеграм арна.

Ұшақ басқан маман ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауында. Аталған ұшақтың бүкіл экипажы тоқтатылып, үш сағаттан кейін бағыт бойынша басқа борт ұшқан.

Пікірлер