Қазақстандық гимнаст Азия чемпионы атанды

3473
Adyrna.kz Telegram
Сурет: olympic.kz
Сурет: olympic.kz

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия біріншілігінде қазақстандық Нариман Құрбанов чемпион атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Құрбанов гимнастикалық ат снарядында үздік шықты. Ол аталған жаттығуда 15.600 ұпай жинап, алтын медаль иеленді. 

Күміс жүлдені өзбекстандық  Абдулла Азимов (14.633), қоланы иорданиялық Әбу әл-Сауд Ахмад еншіледі. 

Ал Милад Карими болса, еркін жаттығудан күміс медаль жеңіп алды. Бұл — спортшының Ташкент төріндегі екінші күмісі. Бұған дейін ол көпсайыста үздіктер қатарынан көрінген  болатын. 

Пікірлер