Күйеуі секунданты болды. Бес баланың анасы бокстан "Елорда кубогында" өнер көрсетті

5080
Adyrna.kz Telegram

Бес баланың анасы және былғары қолғап шебері Айгерім Сәттібаева Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогынде" бақ сынады. Оған жұбайы Олжас Сәттібаев қолдау көрсетті. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы видео жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

48 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Айгерім Сәттібаева жарыстың жартылай финалында Өзбекстан өкілі Сайдахон Рахмоновамен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте өзбекстандық боксшы басым түсті. Жекпе-жек барысында Сәттібаеваның секунданты болып жұбайы, танымал боксшы Олжас Сәттібаев қолдау көрсетті.

Айта кетейік, Олжас Сәттібаев – 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қатысушысы, 2015 жылғы Азия чемпионы. Ерлі-зайыпты бүгінде бес бала тәрбиелеп отыр.

"Елорда кубогының" финалына Қазақстан әйелдер құрамасынан Анель Сақыш (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Виктория Графеева (60 кг), Милана Сафронова (66 кг), Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) сияқты боксшылар жолдама алды. 

Пікірлер