Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қайғылы оқиға 8 мамырда Алматы-Көкпек-Көктал тас жолының 41-ші шақырымында болған.
«Mitsubishi Lancer жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы келе жатқан Nissan Cefiro көлігіне соқтығысып, салдарынан жолдың бойындағы Mitsubishi Pajero Sport және BMW X5 көліктерін де зақымдаған», - деді Алматы облысының жол полициясы басқармасының бастығы Бауыржан Әленов.
Оқиға салдарынан Nissan Cefiro жүргізушісі, Mitsubishi Lancer жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
«Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Облыстық полиция барлық жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдықты, жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады», - деп қосты полковник Әленов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram