Украинаға соғыстан соң. Путин тағы да президент қызметіне кірісті

821
Adyrna.kz Telegram
Фото: Михаил Терещенко / ТАСС
Фото: Михаил Терещенко / ТАСС
Владимир Путин тағы да ант беріп, ресми түрде Ресей Федерациясының президенті қызметіне кірісті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ресейде соңғы конституциялық өзгертулерден соң президенттің бұрынғы өкілдіктері нөлдестіріліп, ол жаңадан алты жылдық мерзімге сайланған болатын.
Ресейдің БАҚ мәліметі бойынша жаңа мерзімнің басында Путин үкіметті жаңартады деп күтілуде. Өйткені Ресей Федерациясының Конституциясына сәйкес министрлер кабинеті президент инаугурациясынан кейін отставкаға кетеді.

Владимир Путин Ресей Федерациясының президенті қызметіне ресми түрде бесінші рет кіріскен. Соңғы рет 2018 жылғы 7 мамырда Мәскеу Кремлінде Ресей президенті Путиннің ұлықтау рәсімі өткен болатын.

Бұл - Путинің Украинаға соғыс бастағаннан кейінгі алғашқы сайлауы.

Пікірлер