"Расталған жоқ". Ішкісмин орынбасары Бишімбаев жайлы айтуға қиналды

2024
Adyrna.kz Telegram

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха марқұм Салтанат Нүкенованың анасының Қуандық Бишімбаев туралы жас баланы қағып өлтірді деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұрын хабарланғандай, өзінің әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында марқұмның анасы Бишімбаевтың бұрын қылмыс жасағанын мәлімдеген болатын.

Мәжіліс кулуарында осы іс бойынша Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепехаға сауал қойылды.

«Нақты айтқым келмейді, бірақ бұл ақпарат расталған жоқ. Біз марқұм әйелдің (Салтанат Нүкенова – журналист) туыстарымен, негізінен інісімен сөйлестік. Деректің қайдан шыққанын сұрадық, тексердік. Бірақ ол жерде басқа іс туралы айтылған», - деді Игорь Лепеха.

Пікірлер